Елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда сайлау күнінде ешбір заң бұзу фактісі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сайлау өтіп жатқанына байланысты ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқаруда. Бүгінде Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ішкі істер органдарының 45 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған. Сайла у өткізетін орындарда құқық бұзу фактілеріне жедел ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Бюллетеньдерді әкелгенге дейін бүкіл сайлау учаскелері қауіпсіздік ке тексерілді. Сайлау орындарына бюллетеньдерді жеткізген кезде полиция ал